Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ - Валентина Владимирская. 2025 жылдың ақпан айында Қазақстанның депозиттік ұйымдарында клиенттердің депозиттері Т47 млрд-қа өсті, деп хабарлады Ұлттық банк.
"2025 жылғы ақпанда Қазақстанның депозиттік ұйымдарындағы клиенттердің депозиттері Т47 млрд – қа, яғни Т40,45 трлн-ға дейін өсті", - делінген реттеуші сейсенбіде орналастырған есепте.
Есепке сәйкес, компаниялардың депозиттері ақпан айында Т21 млрд. өсіп, Т18, 28 трлн – дейін, клиенттердің - жеке тұлғалардың депозиттері -Т26,5 млрд. өсіп, Т22, 17 трлн. дейін жеткен.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қаңтар айында Қазақстанның депозиттік ұйымдарындағы клиенттердің депозиттері Т882 млрд. төмендеп, Т40,4 трлн. дейін қысқарған еді.
Ақпан айында Қазақстан ұйымдарындағы клиенттердің депозиттері Т47 млрд. өсті
