Ақпанда ӘМСҚ түсімі 8,7 млрд теңгеден асты

Күні: 19:14, 04-03-2019.

Алматы. 4 наурыз. КазТАГ – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімі 2019 жылдың ақпанында 8,7 млрд тенгеден асты, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«Міндетті әлеуметтік медсақтандыру үшін 2019 жылдың 1-28 ақпаны аралығында 8,7 млрд теңге аударылған. Жұмыс берушілер мен ЖК міндетті әлеуметтік медсақтандыру үшін аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2019 жылдың 28 ақпаны аралығында 149,2 млрд теңгені құраған. Оның ішінде 140,5 млрд теңге (шамамен 94,2%) жұмыс берушілердің аударымдары, 8,7 млрд тенге (шамамен 5,8%) – ЖК мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс жасаушылардың жарнасы», - делінген хабарда.
Көп мөлшердегі сомалар Алматы мен Астанадан, сондай-ақ Қарағанды облысынан түскен.
Бұған дейін хабарланғандай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қор ТМККК аясында көрсетілетін медициналық қызметтерге ақы төлейтін бірыңғай төлеуші ретінде іске кіріседі. Бұл медициналық қызметтерді жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау және ақы төлеу тетіктерін жан-жақты ойластырып, іске қосуға, сондай-ақ төлемдік ақпараттық жүйелер мен жаңа тарифтік саясат енгізу жұмыстарын реттеуге мүмкіндік береді. Аталған шаралар Қордың 2020 жылдың 1 қаңтарынан МӘМС жағдайында жұмыс істеуге толық дайындығын қамтамасыз етеді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс жасайтын жеке тұлғалардың және өздеріне төлейтін жеке кәсіпкерлердің МӘМС жарналарын аудару 2 жылға уақытша тоқтатылды.


Жаңалықтармен бөлісу: