Ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,8 %-ға артты

Күні: 19:07, 06-03-2019.

Алматы. 6 наурыз. ҚазТАГ – 2019 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 0,8 %-ға артты, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінен. 
«2019 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 20 040 құрады, және өткен аймен салыстырғанда 0,8 %-ға артты», - делінген ақпарда.
Бұл ретте 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 39 925 құрады
«2019 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17 %-ға артты», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: