АҚШ азаматы Юлия Гагаркинадан Бурабайдағы клиника ғимараты мен "Лексус" тәркіленді

   Көкшетау.5 маусым.ҚазТАГ- АҚШ азаматы Юлия Гагаркинадан Бурабайдағы клиника ғимараты мен "Лексус" тәркіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   «Ақмола облысының арнайы прокурорлары Қазақстан пайдасына АҚШ азаматы Г.Ю.А.-ның (Гагаркина Юлия Александровна – ҚазТАГ) мүлкін өндіріп алды. Тергеу барысында Бурабай жағалауында орналасқан жер учаскесі бар жеке клиниканың жаңа ғимараты мен "Лексус" маркалы автокөліктің заңсыз сатып алынғаны анықталды»,- деп хабарлайды Ақмола облыстық прокуратурасы.
Клиникалар желісінің иесі болған кезде Г.Ю.А. денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларымен бірігіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты аясында ескі медициналық жабдықты жаңа ретінде жеткізіп, 1 167 513 600 теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Медициналық жабдықтардың бір бөлігі жұмыс істемейтіні анықталды.

adimage