Астана. 14 наурыз. ҚазТАГ – АҚШ Boeing 737 Max 8 және Max 9 ұшақтарының ұшырылуын тоқтатты, деп хабарлады Қазақстанның азаматтық авиация комитетінен.
«АҚШ Boeing 737 Max 8 және Max 9 ұшақтарының барлығының ұшырылуын уақытша тоқтатты. Boeing –те мәлімдегендей, белгісіз уақытқа дейін бүкіл әлем бойынша осы үлгідегі 371 ұшақты пайдалануды тоқтату ұсынылған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Бұған дейін Қазақстан ААК Boeing 737 MAX ұшағын пайдалану уақытша тоқтатылғанын хабарлаған еді.
Еске салсақ, 10 наурызда Дэбрэ-Зэйт қаласынан алыс емес жерде Ethiopian Airlines компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, оның бортында 157 адам болған, соның ішінде сегізі экипаж мүшесі болатын. Ұшақ Аддис-Абебадан Найробиге бет алған. Алдын-ала ақпар бойынша, ешкім аман қалмаған. Белгілі болғаны ұшақ бортында 35 мемлекеттің азаматы бар екен, оның 19-ы БҰҰ қызметкері. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 157 адамның өліміне себеп болған ұшақ апатына байланысты Эфиопия президенті Сахле-Ворка Зевдеге көңіл айтты.
АҚШ Boeing 737 Max ұшырылуын тоқтатты
