АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз

Алматы. 30 шілде. ҚазТАГ - Бүгін, біз 30 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымы жеті жыл бұрын адам саудасының құрбандары бар екендігін мойындау, осы дүниежүзілік қасірет туралы хабардар болу және құрбандардың құқықтарын қорғауға көмектесу үшін жариялаған Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнін атап өтеміз.
Биыл БҰҰ адам саудасы құрбандарына алғашқы көмек көрсететіндерге – оларды анықтайтын, қолдайтын, оларға кеңес беретін, құрбандар үшін әділеттілік іздейтін және адам сатушылардың жазасыздығына қарсы шығатын адамдарға ерекше назар аударады.
Қазақстандағы осындай адамдардың бірі – Нина Балабаева, атқарған жұмысын мақтан тұтып, АҚШ оны осы жылы Адам саудасы жөніндегі есепке бүкіл әлемдегі адам саудасына қарсы күресетін он қаһарманның қатарына қосты. Нина Балабаева өз өмірін және мансабын адам саудасына қарсы күреске арнап, адам саудасының құрбаны болған талай шетелдік және қазақстандық азаматтарға көмек көрсеткен. Алматыдағы «Родник» атты үкіметтік емес ұйымының негізін қалаушы және директоры бола отырып, Балабаева ханым адам саудасының құрбандарына психологиялық және құқықтық көмек көрсету жұмыстарын жүргізуде маңызды рөл атқарды. Соңғы жиырма жыл ішінде оның ұйымы 16000-нан астам адамға көмек көрсеткен. 2006 жылы оның ұйымы Қазақстандағы адам саудасының құрбандарына арналған алғашқы баспана ашты.
Балабаева ханымның және әлемдегі адам саудасы құрбандарына алғашқы көмек көрсететіндердің негізгі қызметі COVID-19 індетінің таралуы кезінде одан да маңызды және қиын бола түсті. COVID-19-бен күрес барысында адам саудасы мәселесін кейінге қалдыра алмаймыз, бұл мәселе бойынша біз одан да ынталы жұмыс жасауымыз керек, өйткені бүкіл әлем бойынша сапарларға және шекарадан өтуге қойылған шектеулер адам сатушылардың оңай пайдасына тап болатын осал топтарға одан да көп қысым жасайды.
Сонымен қатар, 2020 жылы Мемлекеттік департаментінің Адам саудасы жөніндегі жыл сайынғы есебінің 20 жылдығын атап өтеміз, ол бүкіл әлемде адам саудасына қарсы тұру міндетімізді қамтып көрсетеді. АС жөніндегі есептің тұрақты идеясының мәнісі мынада: адам саудасын еш нәрсе ақтай алмайды және үкіметтер оны тоқтату үшін батыл шаралар қабылдауы керек.
Жыл сайын АС жөніндегі есепте әр елге адам саудасына қарсы әрекеттерін қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныстар беріледі. Биыл АС жөніндегі есепте Қазақстанға шетелдік адам саудасының құрбандарына көмек көлемін ұлғайту және жәбірленушілерге берілетін көмек олардың тергеуге немесе сот ісін жүргізуге қатысу-қатыспауына тәуелді болмауын қамтамасыз ету; құрбандарды, әсіресе шетелдік мәжбүрлі жұмыс құрбандарын анықтау бойынша күш-жігерді арттыру; және адам саудасына байланысты одан да көп істер бойынша тергеу мен сот талқылауын өткізу сияқты ұсыныстар берілді. Қазақстандағы АҚШ Елшісі ретінде мен үшін бірден бір басымдықтардың бірі – жергілікті үкіметпен және серіктестермен бірге осы қылмыстың түріне қарсы Қазақстанның күшін кеңейтуі бойынша жұмыс жасау.
Соңғы жиырма жыл ішінде АҚШ Мемлекеттік департаменті БҰҰ-мен, басқа да көпжақты ұйымдармен, қабылдаушы ел үкіметтерімен, үкіметтік емес ұйымдармен, зардап шеккендермен және басқа да құқық қорғаушылармен адам саудасынан азат әлем құру үшін қажырлы күрес жүргізіп жатыр. Біз жетістіктерімізді мойындап, алдағы күреске және жұмысымызға дайындалып жатырмыз.

adimage