АҚШ көші-қон және азаматтық қызметі мәскеулік кеңсенің жабылғандығы туралы хабарлады, Қазақстан азаматтарына енді Афинаға жүгінуге тура келеді

Күні: 15:17, 07-02-2019.

Алматы. 7 ақпан. ҚазТАГ – АҚШ көші-қон және азаматтық қызметі (USCIS) мәскеулік кеңсенің жабылғандығы туралы хабарлады, қазақстандықтарға көші-қон мәселесіне қатысты бірқатар сұрақтар бойынша Афинаға жүгінуге тура келеді, деп хабарлады ведомствоның ресми сайтынан.
«USCIS жұмыс жүктемесінің барынша төмендеуіне байланысты Мәскеудегі кеңсесін 2019 жылдың 29 наурызында түбегейлі жапты. Кеңсе соңғы рет өтінімдерді қабылдау үшін 2019 жылдың 28 ақпанында жұмыс жасайтын болады»,- делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, мәскеулік кеңсе жабылғаннан кейін Ресей Федерациясының, Арменияның, Әзірбайжанның, Беларусияның, Эстонияның, Грузияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Латвияның, Литваның, Молдованың, Тәжікстанның, Түркіменстанның, Украина мен Өзбекстанның азаматтарының өтінімдерімен Афинадағы USCIS кеңсесі айналысатын болады.
Бұл ретте Қазақстандағы АҚШ елшілігінің сайтында түсіндіргендей, отбасыны қайта қосу, жұмыс иммиграциясы, грин-кард және АҚШ-та некеге тұру секілді мәселелермен Қазақстан азаматтары Алматыдағы АҚШ елшілігіне жүгіне алады, ал босқындар Афинадағы USCIS кеңсесіне хабарласуы керек.
«Алматыдағы АҚШ бас елшілігінің елшілік бөлімі Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан тұрғындары үшін көші-қон визасын рәсімдеумен айналысады. Қазақстандағы АҚШ елшілігі босқындар ісімен айналыспайды. Босқын статусын алғысы келетендер АҚШ-тағы көші-қон қызметіне барулары керек», - делінген сайтта..


Жаңалықтармен бөлісу: