АҚШ мемдепартаменті хакерлік шабуылдардан қорғау мақсатында электронды поштасын уақытша өшіріп қойды

Күні: 09:28, 17-11-2014.

Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – АҚШ мемдепартаменті өз электронды поштасына мамандар хакерлік шабуылдардан қорғауды күшейту жұмыстарын жүргізуі үшін, оның жүйесін уақытша өшіріп қойды, деп хабарлайды ресейлік БАҚ-тар.
Бұған дейін, 29 қазанда, Ақ үйдің компьютерлік желісінде «күмәнді белсенділік» байқалған болатын. Әңгіме президенттің атқарушы кеңсесіндегі компьютерлер жайында еді. Мемдепартаменттегілер шамамен сол уақыттарда дәл сондай жайт оларда да болғанын мәлімдеді.
Осыған байланысты 14 қарашада мемдепартаменттің электронды пошта сервисі желілердің қорғалуын күшейту бойынша жұмыстарды жүргізу үшін бұғатталған еді. Жұмысты дүйсенбі немесе сейсенбі күні аяқтау жоспарлануда.


Жаңалықтармен бөлісу: