АҚШ мемхатшысының орынбасары Қазақстанға 20-21 тамызда келеді

Күні: 10:56, 15-08-2019.

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл Нұр-Сұлтанға 20-21 тамызда келеді, деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
«20-21 тамызда АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейл Нұр-Сұлтанға келеді деп жоспарлануда. Сапар аясында оның ел басшысымен, үкімет және сыртқы істер министрлігінің басшыларымен кездесуі қарастырылған», - деді Смадиров сәрсенбіде.
Сонымен қатар, 21 тамызда С5-+1 форматындағы жоғары деңгейдегі кездесуін өткізу жоспарлануда, кездесуге Орталық Азия елдері өкілдерінің қатысуы күтілуде.
Оның айтуынша, шара барысында сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстың дамуы, қауіпсіздік саласындағы жаңа қауіптер мен қатерлер талқыланатын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: