АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасарының көмекші Фатима СУМАР: АҚШ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІНЕ ТАСТАМАЙДЫ

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. АҚШ НАТО әскерлерін 2014 жылы Ауғанстаннан әкеткен соң ол мемлекетті және орталық- және оңтүстік азиялық  барлық мемлекеттерді тағдыр тәлкегіне тастамай, керісінше, оларда халықаралық экономикалық байланыстардың нығаюына қолдан келгеннің бәрін жасайды, деп мәлім етті АҚШ мемхатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі орынбасарының көмекшісі Фатима Сумар.

 

- 2014 жылы Ауғанстаннан НАТО әскерлерін әкету жоспарлануда. Осы өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты жоспары бар ма? Терроризм мен наркотрафиктің таралуына тосқауыл қою үшін қандай да мерзмдік шаралар жоспарлануда ма?

 

- АҚШ-тың бұл өңірде ұзақ мерзімдік міндеттері бар. Қазір біз Ауғанстанмен қауіпсіздік мәселесі бойынша екіжақты құжаттар әзірлеудеміз. Біз Ауғанстанды да жалпы осы өңірді де тағдыр тәлкегіне тастамаймыз.

АҚШ президенті Барак Обама мен мемхатшы Джон Керри және басқалар, егер біз Ауғанстаннан әскерлерімізді әкетеді екенбіз, ол қадам нақты ойластырылған қадам болуы тиісті деп айтады. Біз бұл бағытта Ауғанстанның әріптестерімен тығыз жұмыс атқарудамыз. Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштері өздеріне елі үшін жауапкершілікті көптеп алуда, ал біз оларды қаржыландырып, оқытып, көмектесудеміз. Бірақ олар белді рөл атқаруда, біз қазірдің өзінде Ауған күштері қауіпсіздікте көптеп рөл атқарып отырғанан көріп отырмыз.

 

- АҚШ-та Ауғанстанмен сауда немесе экономикалық қарым-қатынас орнату жоспары бар ма?

 

- Әрине. Біз Ауғанстан экономикасын қолдап отырмыз және соңғы 10 жылда біз осы ел экономикасына ірі инвестиция салдық. Біз бизнес үшін мүмкіндік жасадық, энергетикалық бағдарлама жасадық, ұлттық энергетикалық желі құруға көмектесудеміз, біз жергілікті компанияларға көмектесудеміз, жергілікті кедендік ережелерді зерттеп, темір жол басшылығына қарым-қатынасты кеңейту жолдарын көрсеттік, біз Ауғанстанда мыңдаған шақырым жол салдық. Біз бұл елдің экономикалық мүмкіндігінің артуына қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз.

Және біз Ауғанстанда мәдениет саласында ынтьымақтастықты дамытуда көп іс атқарудамыз. Бұл тұрғыдан Қазақстанда көшбасында, ол ауғандықтарға білім алуда және бизнес жүргізуде көмектесуде.

 

- Алдағы НАТО әскерлерінің әкетілуіне байланысты сіз осы өңірдегі жағдайды қалай бағалайсыз?

 

- Қазір өңірде қызық жағдай қалыптасуда. Біздің мақсатымыз, әскерлер әкетілісімен Ауғанстан сырт дүниеден оқшауланбастан, ашылып отырған мүмкіндік арқасында жаңа экономикалық байланыстарды дамытса, пайдаланса деген ойдамыз. Біз энергетика саласындағы ынтымақтастықтың дамуына көмектесе аламыз, Орталық және Оңтүстік Азия электр желілерінің қосылуына, оны өзара тасымалдауға мүмкіндік іздестірудеміз, жергілікті компаниялардың Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан сатып алушыларымен байланыс ортануына көмекспекшіміз. Егер сіз Үндістанның нарығына қарасаңыз, ал онда 1,7 млрд халық мекен етеді, ол нарық Орталық Азия және жергілікті тауарларына мұқтаж. Біз қазір Орталық Азиядан электр желісін Оңтүстік Азияға тартып жатырмыз. Ол орасан жоба.

Қазақстан мен басқа да ортаазиялық мемлекеттерде енді энергия мен тауарларын экспорттау мүмкіндігі пайда болды. Соңғы 5-10 жылда халықаралық қолдау арқасында пайда болған жаңа нарықтарға тауар, энергия экспорттауға болады.

Біз ынтымақтастық мүмкіндігін В2В қағидасымен қолдап отыруға тырысудамыз. Жақында біз бизнес мүмкіндіктерін көру үшін осы Алматыда Орталық және Оңтүстік Азияның 300 компаниясының басын қосып, АҚШ пен Орталық Азия елдерінің қатысуымен табысты форум өткіздік.

Одан басқа біз шекарадан, кеденнен өту мәселесін шешуге көмек көрсетпекшіміз. Қазақстаннан Өзбекстанға, одан ары Ауғанстанға немесе Тәжікстанға, Қырғызстанға өтуде осы процедуралардан тездетіп өту әдістерін іздестіреміз.

 

- Айтпақшы, Қырғызстанға қатысты. Онда орналасқан «Манас» әскери әуежайы жабылады. АҚШ Орталық Азияда басқа әскери авиабаза ашуды жоспарлап отыр ма?

 

- Біз Қырғызстан үкіметіне олардың АҚШ пен халықаралық серіктестерге Ауғанстанда халықаралық операция жасауға көрсеткен көмегі үшін өте үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Қырғызстан бұл мәселеде өте үлкен рөл атқарды. Қазір біз Манастағыдай авиабазаны басқа елдерде ашу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Ол міндетті түрде Орталық Азия емес, басқа елдер болуы мүмкін.

 

- Алдағы уақытта АҚШ Орталық Азияның қандай мемлекеттерімен ынтымақтастықты нығайтпақшы?

 

- Бізде Орталық Азияның барлық елдерімен ынтымақтастық күшті, осы аймақтағы барлық бес мемлекет те Ауғанстандағы халықаралық операцияны қолдауда маңызды рөл атқарады. Келешекте біз әр мемлекетпен нақты саладағы екіжақты ынтымақтастыққа үміт артамыз. Мысалы, біз Қазақстанға ДСҰ-ға кіруіне көмектеспекшіміз. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізілуде. Осы өңірдің басқа елдері де қазір ДСҰ-ға кіруге мүдделі. Қырғызстанда біз жергілікті демократияны нығайтуға көптеген күш-жігер салдық, Тәжікстанда олардың экономикасын жақсарту бағытында жұмыс жүргізілді, Өзбекстанда сауда, энергетика мен экономика мәселесімен ынтымақтастық, Түркменстанмен де ынтымақтастық. Бес мемлекеттің әрқайсымен бізде ынтымақтастық бар, себебі олар АҚШ үшін саяси тұрғыдан өте маңызды.

 

- АҚШ үшін Қазақстанмен ынтымақтастықтың қандай салалары аса қызықты?

 

- Қазақстан осы өңірде көшбасында тұрған саланың біреуі – энергетика. Қазір біз Орталық Азияда аймақтық энергетикалық желі құру бойынша келіссөздер жүргізудеміз, Тәжікстан мен Қырғызстанда және өңірдегі басқа да елдерде электр желісін кеңейту мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазақстан біздің көптеген конференцияларды өткізуге, оның ішінде Стамбул үдерісі бойынша да конференция өткізуге өз алаңын берді. Біз Қазақстанның әр елдің арасындағы бизнес ынтымақтастығының артуында көш бастар деп сенеміз. Мысалы, мен осында жүргенде қазақстандық екі компанияға бардым. Біреуі хирургиялық жабдықтардың экспортымен айналысады, ал екіншісі Ауғанстанға азық-түлік тағамдарының, күнбағыс майы, майонез, кетчуп, қызанақ пастасының экспортымен айналысады. Қазақстандық компаниялар жұмыс атқарып жатқан көптеген салалар бар және олармен ынтымақтасуға да болады.

 

- Құқық қорғау және адам құқықтарын сақтау саласында қандай да ынтымақтасу жоспары бар ма?

 

- Адам құқықтары АҚШ сенетін және қорғайтын негізгі құндылықтардың бірі. Бізде осы өңірдегі бес мемлекеттің барлығымен де адам құқықтары және демократия бойынша үнемі консультация өткізіліп тұрады. Біз адам құқығы жалпыадамзаттық құндылықтардың бірі екеніне сенеміз және осы мәселеде осы бес мемлекеттің әрқайсымен жұмыс жүргізудеміз.

 

- 2011 жылы Портсмутта полицейлер тонаушы екен деп шатастырып, қазақстандық Кирил Денякинді атып тастады. Қазақстандықтар АҚШ-та өздерін еркін сезініп, осындай келеңсіз оқиғаға тап болмайтындай, ол ел өз аумағында адамның азматтығына тәуелсіз адам құқықтарын қорғай алады деп сезіне ала ма? 

 

- АҚШ өзіне келетін Қазақстанның да басқа елдердің азаматтарына құшағын айқара ашады. Ол заңды құрмет тұтатын барлық азаматтар үшін қауіпсіз ел. Біз Қазақстанмен осы салада ынтымақтасудамыз және біздің құқық қорғау органдары осы салада жұмыс жүргізуде. Тек былтыр ғана Қазақстанның 20 мың азаматы АҚШ визасын сұрады, және ешқандай қиындық тумады. Біз Қазақстандықтардың АҚШ-қа деген қызығушылығын көріп отырмыз, біз оларға бес жылдық виза да береміз, және біз қазақстандықтардың онда барып ұзақ мерзімге қалып отырғанына қуаныштымыз. АҚШ қазақстандықтар үшін қонақжай мемлекет болып қала береді.

 

- Ал заңды құрмет тұтатын азаматтарға қатысты айтсақ. Егер қазақстандық құқық қорғау органдары осында заң бұзғаны үшін іздестіріп жүрген азамат АҚШ-тан табылса ше? Оны экстрадициялау мүмкін бе?

 

-АҚШ пен Қазақстан арасында экстрадиция туралы келісімжоқ. Бірақ барлығы да нақты  оқиға мен жағдайға байланысты.

 

- Сұхбатыңыз үшін рахмет. 


adimage