АҚШ-та А гепатитінің өршуі тіркелді

Күні: 10:52, 11-10-2018.

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – АҚШ-та А гепатитінің өршуі тіркелді, деп хабарлады Роспотребнадзор.
«АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) ақпарынша,   2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Кентукки мен Батыс Вирджиния штаттарында тұрақты мекенжайы жоқ адамдар мен есірткі тұтынатындар арасында ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап А вирусты гепатитімен ауыру санының өсуі тіркеліп отыр», - делінген бейсенбіде ведомство сайтында жарияланған хабарда.  
Апта сайын осы штаттардың басқармасы аурудың 50-ге жуық жаңа дерегін тіркеп отыр.  28 қыркүйекте Кентуккиде 1851, ал Батыс Вирджиниде – 1359 жағдай тіркелген.  
«А гепатитінің таралуын азайтуға қатысты шараларды жергілікті денсаулық сақтау басқармалары CDC-пен тығыз байланыста жүзеге асыруда», - делінген хабарда.
ҚазТАГ азаматтардың осы жайтқа назарын аудара отырып, сапарларын жоспарлау барысында аталмыш жағдайды ескеріп, А гепатитіне қарсы екпе алудың маңыздылығын хабарлайды.


Жаңалықтармен бөлісу: