АҚШ-та бұрғылайтын станоктар санының артуы мен Қытайдағы экономикалық өсімнің бәсеңдеуі мұнай бағасының арзандауына алып келді

Күні: 16:09, 28-01-2019.

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Америкалық бұрғылау қондырғыларының санының артуы мен Қытай экономикасының өсуінің бәсеңдеуінен мұнай бағасы арзандауда, деп хабарлады Reuters.
«АҚШ энергетикалық компаниясы биыл бірінші рет бұрғылау қондырғыларының санын артқан бойдан, яғни бұл осы елдегі мүнай өндірісінің артатынын білдіреді, ал Қытай - әлемдегі мұнайды тұтыну көлемі бойынша екінші ел, экономикалық өсімнің бәсеңдеуі бойынша қосымша белгілері туралы мәлімдегеннен кейін дүйсенбі күні мұнай бағасы төмндеді», - делінген хабарда.
Трейдерлердің айтуынша, өткен жылдың соңында тәулігіне рекордтық 11,9 млн баррельге дейін өскен АҚШ-тағы шикі мұнайдың жоғары өндірісі мұнай нарығына қысым көрсетуде.
Бұл ретте хабарланғандай, 2019 жылы АҚШ-та жаңа кен орындарын іздестіру мен әзірлеуге жұмылдырылған бұрғылау қондырғыларының саны 862-ге дейін өскен.
Басылым атап өткендей, мұнайды жеткізуден басқа биылғы тағы бір маңызды мәселе сұраныстың артуы болмақ,.
«Мұнайды тұтыну тоқтаусыз өсті, орта есеппен 2019 жылы алғаш рет тәулігіне 100 миллион баррельден артты, бұл ең алдымен Қытайдағы шуға байланысты. Алайда Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда дауы аясында экономикалық өсімнің бәсеңдеуі отынға деген сұраныстың күтіліп отырған өсіміне әсер етуде», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, Қытайдың өнеркәсіптік кәсіпорнының кірістері екінші ай қатарынан бағаның төмендеуі мен кәсіпорынның төмен белсенділігінен қысқаруда, бұл үлкендігі жағынан әлемдегі екінші экономикаға қысым көрсетуде, бұл жерде былтыр өсім қарқыны 1990 жылдан бері ең төмені болған еді.
«Қытай бәсеңдеуді бюджеттік ынталандырудың агресивтік шараларының көмегімен тоқтатуға тырысуда. Алайда бұл шаралар күткен нәтижені бермеуі мүмкін деген қауіп бар, себебі Қытайдың экономикасы қазірдің өзінде үлкен қарызға батып отыр, ал мемлекеттік шығындардың кейбір барынша көлемді шараларының тиімділігі аз болуы мүмкін», - деп атап өткен басылым.
Хабарда айтылғандай, қазіргі таңда әлемдегі ірі өндіруші болып табылатын АҚШ-тан жеткізілімді арттыру және ҚХР экономикасының бәсеңдеуі мұнай бағасының болжамына әсер етуде.
«Біз АҚШ-та шикі мұнай бағасы 2019 жылы барреліне 50-60 доллар аралығында және Brent маркалы мұнай үшін барреліне 10 доллар шамасында құбылады деп күтіп отырмыз», - деп мәлімдеді 2019 жылға арналған өзінің мұнай бағасы болжамында Tortoise Capital Advisors.
Бұл ретте болжамда атап өтілгендей, мұнай бағасы барреліне 50 доллардан жоғары деңгейде болады, себебі Сауд Арабиясы мұнайдың барынша төмен бағасымен бұдан ары келіскісі келмейді.


Жаңалықтармен бөлісу: