АҚШ-та «Флоренс» дауылының құрбандарының саны 37 адамға жетті

Күні: 10:53, 20-09-2018.

Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ - АҚШ-та «Флоренс» дауылының құрбандарының саны 37 адамға жетті, деп хабарлады «Коммерсант».
«АҚШ-та «Флоренс» дауылы кезінде қаза атпқан адамдардың саны 37-ге жетті. қаза тапқандардың көбі – 27 адам Солтүстік Королина штатында», - делінген АР-ға сілтеме жасалған хабарда.  
Бұған дейін АҚШ Солтүстік және Оңтүстік Королинадағы «Флоренс» дауылынан қаза тапқандар саны 17 болатын.  
Еске салсақ, құйын қыркүйек айының басында Атлант мұхитында қалыптасқан еді.  Оған мүмкін болатын бес санаттың төртіншісі берілді. Құйын маңындағы желдің барынша жылдамдығы 50 м/с жеткен. «Флоренс» құйыны АҚШ атлантикалық жағалауында 14 қыркүйекте басталып, бірден әлсірей берді. Қазір ол пост-тропикалық циклон ретінде қаралуда.  


Жаңалықтармен бөлісу: