АҚШ-та талап-арызы $180 млн астам соманы құраған дау Қазақстан Республикасының пайдасына аяқталды

Күні: 10:32, 13-05-2019.

Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ – Америка Құрама Штаттарында талап-арызы $180 млн астам соманы құраған дау Қазақстан Республикасының пайдасына аяқталды, деп хабарлады әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылы 26 сәуірде Колумбия округінің округтік соты (АКШ) америкалық компаниялардың - Turan Petroleum, Inc. (Делавэр штаты), Energyfund, Inc. (Колумбия округы) и Trustees for Trek Resources, Inc. (Невада штаты) (бұдан әрі - Талапкерлер) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне қарсы (Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі) 180 млн. АҚШ долларынан асатын көлемдегі талап-арызын қабылдамады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Әділет министрлігінде нақтылағандай, Талап-арызға сәйкес Арыс және Арал мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану туралы концессиялық келісімшарттар талаптары бұзылған, АҚШ пен Қазақстан арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім («Екіжақты инвестициялық келісім») бойынша Талапкерлердің құқықтары бұзылған, фидуциарлық міндеттер орындалмаған, әділетсіз түрде пайда табылған, фактілерді бұрмалау және немқұрайлылық орын алған.
«Сот бұл істі АҚШ-тың «Шетелдік тәуелсіз иммунитеттер туралы» заңын негізге ала отырып, юрисдикция болмағандықтан қарауына қабыл алмады. Осылайша, Колумбия округтік сотының (АКШ) шешімі Қазақстан Республикасының осы дауға қатысты ұстанымының дұрыстығын толықтай растады және Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік инвесторларды жан-жақты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған саясатымен үйлеседі», - деді ведомстводан.
Хабарда атап өтілгендей, осы дауда Қазақстан Республикасының мүдделерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің консультанты - «Reed Smith» компаниясы қорғады..


Жаңалықтармен бөлісу: