АҚШ-тың ОА елдері мен Ауғанстанға қатысты имперялық кеудемсоқтығы жоқ - Хоугланд

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. АҚШ-тың Орталық Азия және Ауғанстанға қатысты қандай да империялық кеудемсоқтығы жоқ, деп мәлім етті Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік хатшының көмекшісінің бірінші орынбасары Ричард Хоугланд.
«2014 жыл соңына қарай АҚШ Ауғанстандағы өзінің әскери операцияларын тәмамдайды, бірақ біз Ауғанстанның басқа да достары секілді, Ауғанстанды тастап кетпейміз және де алдағы уақытта да олай етпейміз. Осы жерде мен ашығын нақты айтуға рұқсат етіңіздер, бұл дегеніңіз, біз өзіміздің қандай да әскери базада қалуға тырыспаймыз деген сөз, немесе кез келген осында болудың басқа да әскери түрлерін іздеп жүрген жоқпыз», - деді Р. Хоугланд дүйсенбі күні қазақ-американ қарым-қатынастарына және АҚШ-тың осы өңірдегі саясатына қатысты өткен дөңгелек үстелде.
«Біз өңірдегі барлық елдермен тығыз байланыстамыз, бірақ ол осы өңірдегі елдерге қатысты бізде қандай да империялық кеудемсоқтық бар дегенді аңғартпайды», - деді ол.

adimage