Павлодар. 28 ақпан. ҚазТАГ - Ақсуда банкоматты жарған күдікті ұсталды, деп хабарлады polisia.kz.ақпараттық медиа-порталынан.
«Ақсу қаласының жедел қызметкерлері 1995 жылы туған азаматты ұстады. Ол бөтеннің мүлкін өртеу, жару немесе басқа да жалпы қауіпті жолмен зақымдаған деген күдікке ілінді», - делінген жұмадағы хабарда.
Атап өтілгендей, банкоматтың іші бос болған.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, 27 ақпанда шамамен 22.33-те Ақсу қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Еуразиялық банк» АҚ күзет қызметкерлерінен хабарлама келіп түскен.
«Ол банктің қалалық филиалының банкоматында жарылыс болғанын айтқан. Зардап шегушілер болған жоқ. Жедел-тергеу тобы оқиға болған жерді қоршауға алған. ҚР ҚК 202 бабы 2 бөлімі 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық полициядан.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34