Ақтөбе 6 сәуір 21.00-ден бастап карантинге жабылады

Ақтөбе. 6 сәуір. ҚазТАГ - Ақтөбе 6 сәуір сағат 21.00-ден бастап карантинге жабылады, деп хабарлады Ақтөбе облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен (ТҚСҚБД).
«Ақтөбе аумағында Ақтөбе облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен 6 сәуір сағат 21.00-де карантин режимі енгізіледі. Бүгінгі таңда Ақтөбеде коронавирусты жұқтырудың 11 жағдайы тіркелген. Жетеуі сырттан келгендер, қалған төртеуі науқастармен жақын байланыста болғандар арасынан шығып отыр. Облыс орталығында вирустық инфекцияның таралуын тоқтату үшін карантин енгізіледі. Ол 6 сәуір сағат 21.00-де басталады», - деді Беркімбаева.
Ол нақтылағандай, азық-түлік дүкендері (жұмыс режимі 10.00-20.00), дәріханалар мен дәріхана киоскілері (штаттық режимде), өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қала тіршілігін қамтамасыз ету қызметі, емдік-профилактикалық мекемелер, көлікке жанар май құятын станциялар мен көліктерге техникалық қызмет көрсету станциялары. Сондай-ақ, ол хабарлағандай, қалалық қоғамдық көліктер үшін мынадай уақыт режимі белгіленді: 7.00 - 9.00; 12.00 - 14.00 және 17.00 - 21.00 аралығында.
Сонымен қатар, ТҚСҚБД басшысы атап өткендей, Ақтөбе тұрғындарына жұмысқа баруды, жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға баруды, қоқыс шығаруды қоспағанда пәтерлерінен шығуға тыйым салынады.
«Жедел сатыны қолданғанда шектеу шараларын сақтаған жөн – жедел саты кабинасында екі адамнан көп адам болуға болмайды. Әсіресе 65 жастан жоғары азаматтар өз-өзін оқшаулау тәртібін сақтаулары керек. Көшеде отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан көп болып жүруге болмайды, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың да ересектерсіз жүруіне де тыйым салынады», - деді ол.
Бұдан басқа, қатты қажеттілік болмаса, Ақтөбе бойынша көліктердің қозғалысы да шектеледі.
«Аудандарда шектеу шаралары бұрынғыша қалады», - деді Беркімбаева.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 584 жағдайы тіркеліп, 42-і жазылып, алты адам көз жұмған еді.

adimage