Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолындағы екі көліктің соқтығысуынан 12 адам зардап шекті

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолындағы екі көліктің соқтығысуынан 12 адам зардап шекті, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Исатай ауданы Манаш ауылының маңында Toyota Ipsum маркалы екі көлік соқтығысты. Жол апатынан кейін Аққыстау орталық ауруханасына 12 адам медициналық көмекке жүгінген, дәрігерлер қарағаннан кейін 10 адам үйлеріне жіберілген. Зардап шеккендердің біреуінің жағдайы ауыр, тағы бір адам дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады ұлттық компания баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Ол нақтылағандай, ЖКО Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 743 шақырымында болған, ол жерде жол төсемін қайта төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Талапқа сәйкес барлық қажетті жол белгілері орнатылған», - деді Ордабай.

adimage