Ақтөбе маңындағы құс фабрикасы аумағында ірі өрт шықты

Астана. 7 наурыз. ҚазТАГ – Ақтөбе маңындағы құс фабрикасы аумағында ірі өрт шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК) ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«7 наурызда сағат 00.48-де өрт сөндіру қызметінің тетігіне Ақтөбе маңы Ясный ауылындағы «Рамазан» ЖШС құс фабрикасының аумағынан өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт жұмыртқалар қаптамасы өндірісінің цехынан шығып, 600 ш.м. алаңды шарпыған. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен өрт 01.28-де ауыздықталып, 01.50-де толық сөндірілген», - деді бейсенбіде Нұрахметов.
Ол атап өткендей, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД жеке құрамдағы 50 адам мен 12 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі.

adimage