Ақтөбе, Маңғыстау және Ақмола облыстарында найзағай ойнап, күшті жел тұрады

Астана. 23 шілде. ҚазТАГ – Ақтөбе, Маңғыстау және Ақмола облыстарында найзағай ойнап, күшті жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«23 шілдеде түнде Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі. 23 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты ыстық 40 градус күтіледі. Ақтау қ.: 23 шілдеде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, күші 18 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 23-24 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ сақталады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. 23 шілдеде түнде және таңертен кей жерлерде тұман күтіледі. Көкшетау қ: 23-24 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-95%.

adimage