Ақтөбе. 6 тамыз. ҚазТАГ – Ақтөбе облысы бір күнде бұқаралық ақпарат құралдарында материал орналастыруға Т130,6 млн сомаға тендер өткізді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" ММ»; атауы – ақпараттық материалдарды дайындау және басып шығару бойынша/бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – мемлекеттік ақпараттық саясатты мерзімді баспасөз басылымдары арқылы жүргізу және Қазақстан Республикасының және Ақтөбе облысының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік және орыс тілдерінде өңірлік мерзімді баспасөз басылымдары арқылы ресми жариялау; жоспарлы сомасы – Т130 630 345», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында бейсенбі күні жарияланған лот сипаттамасында.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 6 тамызда 11.32-де басталып, 13 тамыз 11.32-де аяқталуы керек болатын, бірақ қазірдің өзінде жеңімпаз анықталған.
«Лот статусы – сатып алу өтті», - делінген лот сипаттамасында.
Жеңімпаз - «Ақтөбе Медиа» ЖШС (БСН 050140011433).
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02