Ақтөбе. 24 маусым. ҚазТАГ - Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары Мавр Абдуллин Ақтөбе әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ақтөбеде жаңа әкім тағайындалды. ҚР президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе әкімі етіп Мавр Абдуллинді тағайындады», - деп хабарлады дүйсенбі күні Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
46-жасар Мавр Абдуллин әр жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Ойыл және Алға аудандарының әкімі болған.
Ақтөбе әкімі болып тағайындалғанға дейін Абдуллин Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе әкімі Ілияс Испанов болған еді. Ол облыс орталығын 3 жыл басқарды.
Қатысты сілтемелер
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58