Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары ҚР премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары Олжас Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады премьердің баспасөз қызметінен.
«ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Олжас Мұхтарұлы Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Түрлі жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының бас маманы, Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, Ақтөбе облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2018 жылғы шілде айынан бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

adimage