Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақтөбе. 14 қараша. ҚазТАГ - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Өңір басшысы Оңдасын Уразалин экономикалық мәселелер жөніндегі облыс әкімінің жаңа орынбасарын таныстырды. ҚР президенті әкімшілігімен келісе отырып, бұл қызметке Руслан Мамунов тағайындалған», - делінген хабарда.
39-жасар Руслан Мамунов әр жылдары «ҚазМұнайГаз» АҚ менеджері, бас менеджері, «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, «KazSatNet» АҚ келісімшарт бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Мамунов 2019 жылдың наурызынан бастап «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы болған.

adimage