Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Күні: 12:58, 27-09-2019.

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақтөбе облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ бастығының орынбасары сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінен.
«Ақтөбе облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ бастығының орынбасары полиция полковнигіне қатысты пара алу күдігі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Аталмыш лауазымды тұлға азаматшаға бұған дейін алған Т400 мың сомды қайтарып жатқан жерінен ұсталған», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Тергеу нұсқасы бойынша пара әйелді «жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін» берілген-мыс.


Жаңалықтармен бөлісу: