Ақтөбе облысында 1,5 млн теңге алған шенеунік 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Күні: 15:45, 23-01-2019.

Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Ақтөбе облысы ішкі мемаудит бастығының орынбасары 1,5 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады «Диапазон».
«Сот Ақтөбе облысы ішкі мемаудит басшысының орынбасары Қалмағанбет Рахметовты бір жарым миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпты деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды, жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтін болады», - делінген материалда.
Сондай-ақ, шенеунікке өмір бойы мемқызметте жұмыс жасауға тыйым салды.
«Айыптаудан белгілі болғаны, Рахметов аппеляциялық арыз бермеу үшін облыстық перинаталдық орталық директорынан пара алған», - делінген хабарда.
Бұл ретте, сотталушы пара беру арандату екенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.
«Қорғау тарапы үкімге шағымданатын болады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: