Ақтөбе облысында 200 га аумақтағы дала өртін сөндіруде

Күні: 18:00, 13-09-2018.

Астана. 13 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында 200 га аумақтағы дала өртін сөндіруде, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комиетінің (ТЖК) баспасөз қызметінен.  
«Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақобда ауылында шамамен 200 га аумақтағы құрғақ шөп өртенген, Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ және зардап шеккендер де жоқ», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов бейсенбіде.  
Ол нақтылағандай, өртті сөндіруге өңірдегі ТЖД 44 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.  


Жаңалықтармен бөлісу: