Ақтөбе облысында 9 жасар баланың аппендицитке жасалған отадан кейін қайтыс болуына байланысты облденсаулық сақтау басқармасынан түсінік берді

Алматы. 28 қаңтар. ҚазТАГ - Ақтөбе облысында 9 жасар баланың аппендицитке жасалған отадан кейін қайтыс болуына байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түсінік берді, деп хабарлады «Мой город» порталы.
«Қазіргі таңда комиссия жұмыс жасап жатыр, жұмыстар қорытындысы гистологиялық талдау алынғаннан кейін белгілі болады. Тексеру нәтижесі бойынша аталмыш жағдайдан кейін дәрігер-анестезиолог тексеру аяқталғанға дейін наркоз беруден шеттетілді, анестезия және жан сақтау бөлімінің меңгерушісі өз еркімен жұмыстан шығып кетті. Тексеру қорытындысы бойынша жауап дайындалып, шаралар қабылданып, іс материалдары тиісті органдарға берілетін болады», - деп хабарлады Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай, баланы облыстық денсаулық сақтау басқармасына Хомтаудан 15 қаңтар түнде жеткізген. Хромтау аудандық ауруханасында оған ота жасаудан бас тартқан, себебі балалар хирургы жоқ. Балаға аппендицит болуы мүмкін деген диагноз қойылған, оның ішінің тұсы ауырған. Ата-анасы оны қалаға 100 шақырымнан өздері жеткізген, оларға жедел-жәрдем көлігі ұсынылмаған. Таңға таман балаға ота жасаған. Отадан кейін ол қайтыс болған.
«Қалай? Біз түсінбейміз. Дәрігерлер отаның сәтті өткенін айтты, бірақ отадан кейін он минут өткен соң балам қайтыс болды. Оның қайтыс болғандығы туралы бізге 10.15-те хабарлады. Ауруханада баланың статкартасын таба алмаған. 16 қаңтарда ертеңгісін дәрігерлер Хромтау ауруханасына телефон шалып, ата-анасының ұялы телефон нөмірін іздеген, ал мен екі нөмірімді де бердім, медбике оны жазып алған болатын», - деп жазады болған жайт туралы баланың анасы Әсима әлеуметтік желіде.
Бала Хромтаудағы №5 мектеп-гимназияда оқыған, үздік оқушы болған, спортпен айналысқан, денсаулығында кінәрат болмаған, ата-анасының айтуынша, аллергиясы да болмаған.
Еске салсақ, 24 қаңтарда Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында Хромтаудан аппендцит болуы мүмкін деген диагнозбен жеткізілген 9 жасар бала қайтыс болды.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мұндай жағдайдың болмағанын айтты, алайда ауруханада бұл мәліметті растады.
«Жағдай 15-нен 16 қаңтарға қараған түні орын алды. Балада асқынған аппендицит болды, сондықтан оны Хромтаудан бізге жеткізді. Отадан кейін бала қайтыс болды. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр, себебін сараптамадан кейін ғана айтамыз», - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ерлан Сұлтангереев.
Бұл ретте Хромтау аудандық ауруханасында баланың 15 қаңтарда іші ауырып келгенін айтты.
«Біздің хирург оны қарап шықты, анализдері алынды, лейкоциттері өте жоғары болатын, Сондықтан ол алдын-ала диагноз – өткір аппендицитті сұрақ астында қалдырды, сөйтіп оны балалар ауруханасына жіберді. Бізде балалар хирургы жоқ», – деп түсіндірді Хромтау аудандық ауруханасынан.

adimage