Ақтөбе облысында аппендицитпен ауруханаға түскен бала отадан кейін қайтыс болды

Күні: 18:32, 24-01-2019.

Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Облыстық балалар ауруханасында Хромтаудан аппендицитпен жеткізілген 9 жасар бала отадан кейін қайтыс болды, деп хабарлады diapazon.kz.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мұндай жағдайдың болмағанын айтты, алайда ауруханада бұл мәліметті растады.
«Жағдай 15-нен 16 қаңтарға қараған түні орын алды. Балада асқынған аппендицит болды, сондықтан оны Хромтаудан бізге жеткізді. Отадан кейін бала қайтыс болды. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр, себебін сараптамадан кейін ғана айтамыз», - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ерлан Сұлтангереев.
Бұл ретте Хромтау аудандық ауруханасында баланың 15 қаңтарда іші ауырып келгенін айтты.
«Біздің хирург оны қарап шықты, анализдері алынды, лейкоциттері өте жоғары болатын, Сондықтан ол алдын-ала диагноз – өткір аппендицитті сұрақ астында қалдырды, сөйтіп оны балалар ауруханасына жіберді. Бізде балалар хирургы жоқ», – деп түсіндірді Хромтау аудандық ауруханасынан.


Жаңалықтармен бөлісу: