Ақтөбе. 20 сәуір. ҚазТАГ - Ақтөбе облысында «Бақытты бала» жобасын іске асыруға 4 млрд теңге аударылады, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Атап өтілгендей, 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында «Бақытты бала» жылы деп жарияланды.
«Ақтөбе облысында «Бақытты бала» жобасын іске асыруға 4 млрд теңге аударылады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін словакиялық «H+Н Technica» компаниясымен бірлескен 2500 орындық Мұз айдыны сарайының құрылысы аяқталады. Жобаға салынған инвестициялар көлемі 3,8 млрд. теңге. Жергілікті кәсіпкер Аркадий Ни 1,5 миллиард теңге тұратын Теннис орталығын ашады. Сондай-ақ жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метрлік, халықаралық стандартқа сай келетін жеңіл атлетикалық манеж алаңы салынады», - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмадағы ОКҚ-ның баспасөз конференциясында.
Аймақ басшысы атап өткендей, «Бақытты бала» жобасын іске асырудың бірінші үш айында 53 мыңнан астам балалардың қатысуымен 300-ге жуық іс-шара өткізілді.
«Жобаны іске асыруда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жан жақты қолдау көрсетуге басымдық берілді. Осылайша, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар 945 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқорлық етеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында олар балалардың ТҚЖБ-дағы жинақ шоттарын 210 млн. теңгеге толтырды. Жыл басынан бері 25 жетімге пәтер кілттері берілді», - деді облыс әкімі.
«Кедергісіз білім беру» блогы аясында түзету ұйымдарының желісін дамыту шаралары қабылдануда. Атап айтқанда, аутизмі бар балаларға арналған орталық, түзету балабақшасы, сондай-ақ, «Орыс мыс компаниясы» ЖАҚ есебінен салынып жатқан церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған сауықтыру орталығы ашылады.
Бұдан басқа, кәсіпкерлер жыл бойы жұмыс жасайтын балалар лагерін, жазғы аквапарк, ақпараттық-технологиялық ІТ орталығын, 160 ойын-сауық және облыстың мектептері жанынан 70-тен астам спорт алаңдарын ашу жоспарланып отыр.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08