Ақтөбе облысында бірнеше рет өрт қойған күдіктілер белгілі болды

Ақтөбе. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында бірнеше рет өрт қойған күдіктілер белгілі болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Күдіктілер арасында жеке басы жақтырмағандықтан тумалары мен таныстарының шөбін өртеген кәмелетке жасқа толмаған бала, кек алғысы келген жұмыссыз 35 жасар әйел және ауылдастарын қорқытып, пайда тапқысы келген 25 жасар ер адам бар. Аталмыш күдіктілерден айғақтар табылды», - деді сейсенбі күні Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, 21 қарашада Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосестек ауылында белгісіз біреулер 13 рет өрт қойған, соның салдарынан төрт қора мен ауылдықтардың тоғыз шөп сақтайтын орындары жанып кеткен. Жалпы шығын Т5,7 миллион құраған. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың ашуын келтірген. Жергілікті билік ауылдықтарға шығындарын «Ақ бидай» шаруа қожалығы есебінен өндіріп беретіндерін айтып, басуға шақырған еді. Ал тұрмыстары нашар отбасыларға бюджеттен Т60 мыңнан Т100 мыңға дейін сома көлемінде материалдық көмек төлеуге уәде берді.

adimage