Ақтөбе облысында есірткі жеткізудің ірі каналының жолы кесілді

Ақтөбе. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Ақтөбеде 110 кг марихуананы дайындағаны және сақтағаны үшін 5 адам ұсталды, деп хабарлады ҚазТАГ-қа өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, ЕКБ қызметкерлері қылмыстық топтың әрекетінің және Ақтөбе облысына есірткі жеткізудің ірі каналының жолын кесті. .
«30 қаңтарда ЕКБ қызметкерлері мақсатты шұғыл шаралар жүргізу барысында ҚАЖД қызметкерлерімен бірге бақша ұжымшарының бірінде құрылысы бітпеген үйлердің жертөлесінде салмағы 110 кг болатын марихуана бар бес сөмкені тауып, оның қолданысқа түсуіне жол бермеді. Полицейлер қылмыстық топтың 5 мүшесін анықтап, ұстады», - деді Е. Сарқұлов.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 297 б. 4б. «есірткі затын сату мақсатында заңсыз дайындау, сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

adimage