Ақтөбе облысында фурада қарбыздардың астынан контрабандалық темекінің ірі партиясы табылды

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында фурада қарбыздардың астынан контрабандалық темекінің ірі партиясы табылды, деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметінен.
"Жайсан" шекара автобекетінде Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері мемлекеттік шекарадан өткен Volvo маркалы автокөлігіне тексеріс жүргізді. Автокөлікті тексеру кезінде қарбыздың астынан акциздік маркалары мен іліспе құжаттары жоқ 612 500 қорап темекі табылды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, осы факт бойынша барлық материалдар ҚР Қылмыстық Кодексінің 233, 234 баптарына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне берілді.

adimage