Ақтөбе облысында көлік салонынан Қызыл кітапқа енген жеті бүркіт табылды

Күні: 16:26, 05-07-2019.

Ақтөбе. 5 шілде. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында көлік салонынан Қызыл кітапқа енген жеті бүркіт табылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ақтөбе облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылына жақын маңда Қарабұтақ-Қостанай тас жолында Audi-100 жеңіл көлігін тоқтатқан. Полиция қызметкерлері көлік салонынан Қызыл кітапқа енгізілген 7 бүркітті тауып, тәркілеген. Олар көлік жолаушысы Мәртөк ауданының тұрғынына тиесілі болып шыққан. Ол құстарды Мәртөкте аулап, Нұр-Сұлтан қаласына апарып сатпақ болған», - деп хабарлады жұмада Ақтөбе облысы бойынша полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов жұма күні.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 339 бабымен (өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Соңғы жүзжылдықта бүркіттер бұрын өздері мекен еткен аудандарынан жоғалып кеткен. Оған себеп - пестицидтерді қолдану, қалалану мен жерлердің шаруашылық қажеттеліктерге берілуі. Қазіргі таңда бүркіт басқа да еуропалық қанатты жыртқыштар секілді мемлекеттік заңнама мен үкіметаралық келісім қорғауында. Атап айтсақ, бүркіт халықаралық Қыpыk кітапта сирек кездесетін түр болып табылады.


Жаңалықтармен бөлісу: