Ақтөбе облысында кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды

Ақтөбе. 6 ақпан. ҚазТАГ- Ақтөбе облысында кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінің ресми интернет- ресурсы.

«Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, аталған өңірде кен орнының аумағынан "әлеуметтік" газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады»,- делінген хабарламада.

Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болған.

«Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін теміржол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Фото көзі: polisia.kz


adimage