Ақтөбе облысында құны $100 млн тұратын керамогранит өндіретін зауыт тұрғызу жоспарлануда

Күні: 12:46, 06-11-2014.

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Ақтөбе облысында польшалық серіктестердің қатысуымен жалпы құны $100 млн тұратын керамогранит өндіретін зауыт тұрғызу жоспарлануда, деп хабарлады Қазақстанның Польшадағы елшісі Ерік Өтембаев.
«Біз осының өзінде қол қоюға бірқатар жобаларды әзірлеп қойдық. Бұл керамогранит (өндіретін – ҚазТАГ) зауыт құрылысы, арнайы тау шахтасының машинасын жасау өндірісін құру, сондай-ақ агроиндустрияға қатысты бірқатар жобалар. (...) Еуропада көптеген зауыттарға ие болып отырған «Синта» атты үлкен компания қазір керамогранит өндірісі бойынша Ақтөбе облысына 100 млн долларға дейін қаражат инвестициялауға дайын», - деді Е. Өтембаев бейсенбі журналистерге.
Оның айтуынша, жаңа зауыт жыл сайын 30 млн шаршы м керамикалық тақта өндіретін болады.
Ол зауыт құрылысы туралы тиісті құжатқа қол қойылу дәл алдағы уақытта күтілетінін нақтылай өтті.
Е. Өтембаевтың сөзінше, Қазақстан мен Польша сондай-ақ ҚР-да бірлескен авиация кластерін құру мүмкіндігін перспективалы деп санайды.
Елші Польшаны Қазақстан арқылы Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шыға алу мүмкіндігі қызықтыратынын атап өтті.
«Біз поляктардың тәжірибесін қолдануға мүмкіндік беретін арнайы агроиндустриалды кластер ұйымдастыру мүмкіндігін талқылаған едік, бірақ басқа жағынан алғанда – (Қазақстандағы – ҚазТАГ) инвестициялық заңнама оларға біздің елдің индустриалды бағдарламасына белсенді қатысуға мүмкіндік береді», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: