Ақтөбе облысында сүт өндіруші жалған жарнама жасағаны үшін айыпталды

Күні: 13:40, 18-10-2018.

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ - Сүт өндірушінің әрекетінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілері анықталды, деп хабарлады ҚР ҰЭМ ТМРБ жТҚК баспасөз қызметінен.
«Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынуышлардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Компания ФудМастер» ЖШС арызын қарау нәтижесінде, анық емес жарнама және нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн тауарлармен орынсыз салыстыру фактілері анықталған», - делінген бейсенбіде комитет сайтында жарияланған хабарда.  
Осыған орай, Департаментпен «Айс-плюс» ЖШС Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін жою туралы ескерту берілді.
Хабарда атап өтілгендей, бүгінгі таңда, берілген ескерту орындалды.  


Жаңалықтармен бөлісу: