Алматы. 1 маусым. ҚазТАГ - Ақтөбе облысында үш машинаның қатысуымен орын алған ЖКО салдарынан бір өзбек қайтыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлады жексенбі күні Өзбек телеграф агенттігінен (ӨзТАГ).
«Ақтаудағы бас елшіліктің (Өзбекстанның – ҚазТАГ) ақпарынша, 29 маусым күні сағат жергілікті уақытпен18.15-те Самара-Шымкент тас жолының 896 шақырымында үш машинаның қатысуымен ЖКО орын алған, олардың екеуінде Өзбекстанның 11 азаматы болған. ЖКО салдарынан Өзбекстан азаматы М.А. көз жұмса, Садафхон Ахматалиевна Юнусова мен Ойбек Хотамжон угли Муминжонов жарақат алып, Ақтөбе облысы Хромтау адуандық Хромтау ауруханасына жеткізілген. Алынған ақпарға сәйкес, олардың жағдайы бірқалыпты. Біздің сегіз отандасымыз қазір Хромтаудағы «Шерхан» кемпингінде жатыр. ЖКО бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады жексенбіде Өзбекстанның ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, бас елшілік жағдайды өз бақылауына алып, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тиісті органдарымен жедел байланыс орнатты.
Ақтөбе облысында үш машинаның қатысуымен орын алған ЖКО салдарынан бір өзбек қайтыс болып, екі адам зардап шекті
