Ақтөбе облысында скрининг кезінде аудандық аурухана дәрігерінен коронавирус анықталды

Ақтөбе. 25 мамыр. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында скрининг кезінде Мұғалжар аудандық ауруханасының дәрігерінен коронавирус анықталды, деп хабарлады «Мой город» порталынан.

«Аудандық ауруханада медициналық қызметкерлер арасында скрининг жүргізілді, ПТР – тестілеу кезінде жалпы практикадағы дәрігерден коронавирус анықталды. Белгілі болғандай, соңғы айда ол ешқайда шықпаған, ешкіммен байланыста болмаған. Жақын және әлеуетті байланыста болғандар анықталды, олардың барлығынан қайта талдау алынды, нәтижелері теріс. Сонымен қатар Ойыл ауданының тұрғынынан да коронавирусты инфекция табылды, бірақ екінші рет сынама алынған кезде нәтижесі теріс болып шыққан, бұл зертханалық тексерулердегі ақауларға байланысты болып отыр. Ол адам да ешқайда шықпаған, ешкіммен байланыста болмаған. Жалпы байланыста болған 54 адам анықталды, барлығының нәтижелері теріс.   COVID-19 жағдайының төрт дерегі Мәртөк ауданында да тіркелді, барлығы сырттан келгендер. Олар осы аудандағы Жайсан көлік бекеті арқылы РФ шекарасынан келген. Олар басқа облыс тұрғындары, бірақ коронавирус Мәртөк ауданында табылған, сондықтан осы ауданда тіркелді», - деді Ақтөбе облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Нұрсұлу Беркімбаева.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, Мұғалжар ауданындағы дәрігерді арнайы бригада Ақтөбеге облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізді.


adimage