Ақтөбе облысында соққыға жығылған журналист полицияға сенбегендіктен шағымданбаған

Күні: 19:25, 01-03-2019.

Алматы. 1 наурыз. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында соққыға жығылған журналист – Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің бас редакторы Шара Тұрмағамбетова полицияға сенімсіздік танытқандықтан шағым жазбаған, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біз тағы да Шарамен байланысып, оның өз сөзінен бас тартпайтынын естідік. Ал полицияға хабарласпағанының себебі күнәға батқысы келмейді екен, себебі олардың бір-екі жас баланы ұстап алып, кінәні солардың мойнына іліп жібермейтініне кім кепіл деп отыр», - деп хабарлады жұма күні «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.
Тұрмағанбетованы 27 ақпан күні сағат 16.30-да оның үйінің подъезінде соққыға жыққан.
«Подъезге кіріп келе жатқанымда «Мынау сол, нақты сол» деген сөздерді естідім», - дейді журналист.
Сосын оның айтуынша, ол басынан алған соққыдан құлаған, ал тұруға ұмтылғанда оны бетінен тағы ұрған.
«Егер көршілер болмағанда, олар мені өлтіріп кететін еді», - дейді Тұрмағанбетова.
Ол өзінің соққыға жығылуын кәсіби қызметі және белсенді азаматтық ұстанымымен байланыстырады.
«Ол мұнай компаниясындағы тендер туралы материал дайындаған және Facebook-те аудандық газетті жекешелендіру туралы пікірін білдірген, жергілікті биліктің жұмысын жиі сынға алған. Шара Тұрмағанбетова медициналық көмектен бас тартты. Журналист полицияға шағым түсірмеген», - деді «Әділ сөз» қорынан.
Бұл жайт туралы 2 ақпанда белгілі болды, ал 1 наурызда қорға Ақтөбе облысы полиция департаментінің төрағасы Ерболат Сарқұлов телефон ашлып, бұл жайттың басқа қырын айтты. Оның ақпары «Шара Тұрмағанбетованың ақпаратын жоққа шығарады және оны тұлға ретінде сенімсіздендіреді».
«Кей БАҚ-тарда Ақтөбенің журналисі Шара Тұрмағанбетова соққыға жығылды-мыс деген ақпар тарады. Алға ПБ тексеру шараларын жүргізді және куәгерлердің айтуынша, Ш.Тұрмағанбетова 27 ақпан күні абайсызда өз үйінің подъезінде құлап, бетін жарақаттап алған. Полицияға хабарласпады. Соған байланысты тексерілмеген материалдарды жариялаудан бас тарта тұруларыңызды сұраймыз», - делінген полициядан түскен ақпарда.
Қорда атап өтілгендей, Тұрмағанбетованың жергілікті билікті сынға алғанын және аудандық газетті жекешелендіруге қарсылық танытқанын кез келген адам тексере алады.
«Ал Алға ПБ қандай шаралар өткізді, сол сәтте подъезде кімдер болған, оларды полиция қалай тауып алған, олардың түсініктерін қалай алған, белгісіз. Ақырында, егер полицияға ешкім бармаған болса, ондай жеделдік қайдан пайда болды?» - деп атап өтті «Әділ сөз» қорынан.


Жаңалықтармен бөлісу: