Ақтөбе. 18 қыркүйек. ҚазТАГ - Ақтөбе облысында тоған суда өсіру технологиясын қолдана отырып, балық өсіріледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Өңірде «Мұрагер 22» ЖШС балықты тоған суда өсіру технологиясын қолданатын зауыт құрылысын жүргізіп жатыр. Жоба құны - Т835 млн», - деп хабарлады әкімдікте.
Қазіргі таңда ендігі әкелініп қойған аналық балықтарға арналған репродуктивті алаң толықтай жабдықталған, балық жемдеу және өсіру алаңдарының құрылысы жалғасуда. Жаңа өндіріс орнын келесі жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарланған. Жобалық қуаты – жылына бір жарым мың тоннадан аса өнім.
Ақтөбе облысында тоған суда өсіру технологиясын қолдана отырып, балық өсіріледі
