Ақтөбе. 14 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның Ақтөбе облысында 2018 жылдың қарашасымен 2019 жылдың 13 ақпаны аралығында қызылшамен ауырудың 26 расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ақтөбе облысында қызылшаның 26 расталған жағдайы тіркелді, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 18 жағдай ( 78,2%), 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 10 жағдай. Балалардың ауыруының барлық жағдайы түрлі себептер бойынша екпе алмағандар арасында тіркелген. Сонымен, ауырып қалған 18 баланың 6-уына медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты екпе салынбаған, 2-уіне ата-анасы екпе салуға қарсы болған, 10-ы жасы жетпеуіне байланысты алмаған», - деді облыстың қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.
Оның ақпарынша, қызылшаның ары қарай таралуын болдырмау мақсатында Ақтөбе облысы ҚДСД мамандары жұқпалы ауру ошақтарында екпе алмаған балаларды анықтау, оларға екпе салуға бағытталған эпидемияға қарсы шараларды жүргізді
«Олармен байланыста болған 390 адам анықталды, оларға медициналық бақылау белгіленген», - деді М. Сербаев.
Ақтөбе облысында қызылшамен ауырудың 26 жағдайы тіркелді
