Ақтөбе облысында жұма күні бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында жұма күні бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлады   «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«28 қыркүйекте (2018 ж. 20 сағ. 27 қыркүйектен 20 сағ. 28 қыркүйек аралығы) күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе қаласында 28 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.  
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90% деп болжауда.

adimage