«Самара-Шымкент автожолында жүк көлігімен соқтығысқан Toyota Ipsum автокөлігінің салонынан тағы екі баланың денесі шығарылған. Осылайша, апат салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала қаза тапқаны белгілі болды. Оқиға орнында тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр»,-деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 7 тамызда Самара-Шымкент автожолының 862-шақырымында жол-көлік апаты орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, балалар мен ата - аналары басқа облысқа футболдан жарысқа басқа облысқа бара жатқан.
Фото көзі: ©Мадина Алимханова