Ақтөбе облысының екі тұрғыны дүкен сатушысын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Ақтөбе. 16 тамыз. ҚазТАГ – Ақтөбе облысының екі тұрғыны дүкен сатушысын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады өңірдегі полиция департаменті (ПД) баспасөз қызметінен.
«Бадамша ауылында дүкен сатушысын өлтіріп кеткен. 14 тамызда Қарғалы ауданы Бадамша ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінен көптеген пышақ жарақаты бар әйел адамның денесі табылған. Аталмыш дерек бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді, олар ізін суытпай 3 сағат ішінде аталмыш қылмысты жасаған күдіктілерді анықтады. Күдіктілер Хромтауда ұсталған, олардың бірі Хромтау тұрғыны болса, екіншісі Бадамша ауылында тұратын болып шықты. (…) Күдіктілер қамауға алынды», - деп хабарлады жұма күні Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінен.
Полицияда атап өткендей, аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы (адам өлімі) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

adimage