«Тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ; атауы - работы по среднему ремонту автомобильной дороги («автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары», қазақша лотта атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - А-22 «Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай» республикалық маңызы бар автомобиль жолы 96-136 шақырымына орташа жөндеу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т3 485 867 455», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Сондай-ақ осы хабарландыруда атаулары - автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары, деп жазылған тағы екі лот сипатталған:
Республикалық маңызы Р-45 Ленин - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ақжар - Курчатов км 15+100-17+400, 18-25, 34-42 учаскесінде орташа жөндеу, жоспарлы сомасы - Т1 263 553 958;
Республикалық маңызы бар А-17 «Қызылорда - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы» автомобиль жолын орташа жөндеу км 1172+680-1178+150, 1367+230-1372+930, 1372+930-1379+150, 1368 Ақсу қ. көлік алмасу, 1381+950-1383 көлік алмасу, жоспарлы сомасы - Т2 362 979 489.
Үш лот бойынша жалпы жоспарлы сома - Т7 112 400 902.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 7 тамызда басталған, 15 тамызда аяқталады.
Фото көзі: gov.kz