Астана. 13 наурыз. ҚазТАГ – Ақтөбе перзентханасында өрт шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«12 наурызда сағат 11.23-те өрт сөндіру қызметінің тетігіне Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Астыңғы қабаттағы 5 ш.м. алаңда матрас өртенген. Өрт сөндіру қызметінің күшімен 175 адам құтқарылып, 316 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылған. Өрт сағат 11.40-та ауыздықталып, 11.43-те сөндірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Нұрахметов сәрсенбіде.
Ол атап өткендей, өрт шығуының алдын-ала себебі – электр жабдығын пайалану ережесінің сақталмауы.
«Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖД жеке құрамдағы 62 адамы мен 11 бірлік техникасы жұмылдырылған», - деді ТЖК ресми өкілі.
Ақтөбе перзентханасында өрт шықты
