Ақтөбе темір жол стансасында жолаушыларды мінгізуге және түсіруге тыйым салынды

Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Ақтөбе темір жол стансасында жолаушыларды мінгізуге және түсіруге тыйым салынды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«31 наурыздан бастап Ақтөбе стансасына дейін және сол жерден тіркемелі мен қайта отырғызылмайтын вагондарды қоса алғанда, жолаушылар пойыздарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға және жолаушыларды мінгізу мен түсіруге тыйым салынғандығын хабарлайды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
2020 жылдың 31 наурызынан №33/34 «Ақтөбе-Шу», № 613/614 «Орал-Ақтөбе», № 691/692 «Ақтөбе-Доссор» жолаушылар пойыздарының жүруі тоқтатылады. Сондай ақ 2020 жылдың 31 наурызынан Қандыағаш стансасына дейінгі № 309/310 «Маңғыстау-Ақтөбе» (тасымалдаушы «Otpan Logistic» ЖШС) пойызының қозғалыс бағыты қысқартылады.
«Ақтөбе станасына дейін және сол жерден жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеген жолаушылар билеттерін кері тапсырып, ақшасын толық көлемде қайтара алады», - делінген хабарда.

adimage