Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 15:16, 02-04-2019.

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 2, 3 сәуірде тәулік бойы Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің бағыты оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: күндіз 2, түнде 3 сәуірде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болады. Шығыстан жел соғады түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
«Петропавл қ: күндіз 3 сәуірде шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі. 4 сәуірде тұман, көктайғақ болады. Желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималды 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: