Ақтөбе және Қызылорда облыстарында найзағай және желдің күшеюі күтіледі

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Ақтөбе және Қызылорда облыстарында найзағай және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«3 шілдеде Ақтөбе облысында кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 3 шілдеде батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-85%.
«3 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл сақталады. 3 шілдеде жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-100%», - деді синоптиктер.

adimage